Басты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты ел халқына тарихи үндеу жолдады. Президент бұл оқиғаны мемлекет дамуының жаңа кезеңі деп атап, алдағы ауқымды өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Президент 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын ерекше атап өтті. Саяси науқанда қазақстандықтар бірлік пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындады. Бұл қадам елдің саяси-экономикалық реформалар мен қарқынды даму жолына түсуіне негіз болмақ.

Бұдан былай Ата заң күні ерекше форматта тойланбақ. Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар атап өтіледі. Бұл бастама көктемгі жаңару дәстүрлері мен Ата заңның негізгі құндылықтарын өзара сабақтастыруды көздейді.

Жаңа Конституцияның берік құқықтық негізіне сүйене отырып, елде мынадай маңызды құндылықтар орнығуы тиіс:

  • Заң мен Тәртіп – құқықтық қоғамның іргетасы.
  • Еңбексүйгіштік пен Өрлеу – экономикалық тұрақтылық кепілі.
  • Тазалық пен Табиғатты аялау – экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бірлігі бекем халық ретінде барша азаматқа тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мақсаттарымыз міндетті түрде жүзеге асады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент үндеу соңында ел болашағына деген нық сенімін білдіріп, әрбір азаматты Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button