Қоғам

ҰҚК Ж.Омардың ұсталған сәттегі видеосын көрсетті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың қалай ұсталғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымды шенеуніктің үйін тінтіген сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Құзырлы органның мәліметінше, экс-әкім өзіне бағынышты болған қызметкерлерді «жұмыстан қуамын» деп қорқытып, жүйелі түрде ақша бопсалап келген көрінеді. Мансап баспалдағымен көтерілуді уәде еткен ол, бас тартқандардың сорына айналған. Жақсылық Омар Өскемен қаласын басқарып тұрған кезде де қол астындағыларға «қызметіңді өсіремін» деп үміт сыйлаған, ал ақша бермегендерді «жұмыстан қуыласың» деп сес көрсеткен.

Оның бұл әрекетін әшкерелеу үшін 4 ақпанда оған сұраған қаражатының бір бөлігі жеткізілген. Көп ұзамай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Омардың Өскемендегі үйін тінтіп, жасырылған қомақты ақшаны тәркіледі.

Экс-шенеунік сотта кінәсін толықтай мойындап, өзін түрмеге қамамауды сұрады. Бірақ сот 6 жыл түрме жазасын кесті. Кейін Омардың жазған аппелациялық шағымы қанағаттандырылмай, жаза өзгеріссіз қалдырылды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button