Басты жаңалықЭкономика
Шығыс Қазақстанда соңғы 4 жылда 6000 тонна балық өсірілген

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.


Жиында 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

— 2030 жылы облыс бойынша жыл сайын 9 774 тонна тауарлы балық алу жоспарланып отыр. Оның ішінде 8 578 тонна албырт, 1 151 тонна тұқы және 45 тонна бекіре тұқымдас балық түрлері. Соңғы 4 жылда өңір бойынша 6,2 мың тонна тауарлы балық өсірілді – деді, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаев.
Жанель Жанболатқызы



