Басты жаңалықҚоғам

Зейнетақы жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқасы талқыланып жатыр

Казақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Еңбек министрлігі мен Ұлттық банк әзірлеп жатқан бұл өзгерістер азаматтардың болашақ жинағына тікелей әсер етпек. Жұмыс тобының отырысында ортаға салынған негізгі 3 ұсыныс мынадай:

Сингапур үлгісі (Үш бөлек шот)

Бұл модель бойынша зейнетақы капиталын зейнетке шыққанға дейін-ақ нақты мақсаттарға пайдалануға рұқсат беріледі. Қаражат үш бөлек шотқа бөлінбек:

  • Баспана сатып алуға
  • Білім алу мен емделуге
  • Инвестицияға жұмсауға

Бірақ сарапшылар бұл жүйе мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше бала өсіріп отырған ата-аналардың мүддесін қаншалықты қорғайтынын қосымша талдау керек деп есептейді.

Жаңа әлеуметтік зейнетақы төлемі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жаңа төлем түрін енгізуді ұсынды. Оның көлемі нақты екі көрсеткішке байланысты есептеледі:

  • Азаматтың өз табысы
  • Елдегі медиандық жалақының арақатынасы

БЖЗҚ-ның ұсынысы (4% және 1% ережесі)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші төлейтін міндетті жарнаны мынадай пропорцияда бөлуді көздеп отыр:

  • 4 пайызы – азаматтың жеке шотына тікелей түседі
  • 1 пайызы – ынтымақты компонентке (ортақ қорға) бағытталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастамалардың барлығы әлі де сарапшылар деңгейінде талқыланып жатқанын, ал түпкілікті шешім жан-жақты талдаудан кейін ғана қабылданатынын мәлімдеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button