Заңсыз жанармай тасығандар жауапқа тартылды

Елімізден жанар-жағармайды заңсыз алып шығудың жолын кесу үшін шекараға 59 полиция бекеті орнатылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері отынды ел аумағынан заңсыз тасымалдаудың 255 фактісі тіркелген. Тәртіп бұзушылар бұл үшін көліктерін арнайы қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатып алған.
Осы заңсыз әрекеттері үшін 195 шетелдік пен 60 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда министрлік бұл бекеттердің дәл қай елдермен арадағы шекарада қойылғанын және заңбұзушылықтардың ең көп тіркелген кезеңін нақтыламады.
Айта кетейік, соңғы уақытта құзырлы органдар әсіресе қазақ-ресей шекарасындағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Өйткені Ресейдегі отын дағдарысына байланысты Қазақстаннан бензинді заңсыз тасымалдау әрекеттері жиілеген болатын.
Minut.kz



