Қоғам
ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі – 4,6%-ды құрады

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы таратқан ақпаратқа сенсек, бүгінде аймақ бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,6%-ды құрап отыр. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық – 3,3%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық – 4,8%-ды құраған.
Мемлекет басшысының «10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы бойынша биыл 8379 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазір оның 7109 жұмыс орны ашылды. Бұл жылдық жоспардың 85%-ы.
Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 249 грант берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 386 адам қамтылды.
Жанель Жанболатқызы



