Спорт

Аламанда топ жарған шабандозға автокөлік берілді

Катонқарағай ауданында өтіп жатқан халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлері – көкпар мен бәйге жарыстарының жеңімпаздары марапатталды.

Көкпар бәсекесінің қорытындысы бойынша Ұлан ауданы 1 орын, Күршім ауданы 2 орын, Алтай ауданы 3 орын алды.

Ал құнан бәйгеде Самар ауданынан Мұхаммедәли Намозов, жорға жарысында Зайсан ауданынан Айқын Әмірбеков, ал топ бәйгеде Күршім ауданынан Қайсар Сарқытов жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық спорт – халқымыздың рухын көтеретін, ұрпақ сабақтастығын жалғайтын баға жетпес мұра. Осындай дүбірлі додалар ел бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра беретініне сенімдімін, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button