Экономика
Жаңа Салық кодексіне 45 түзету ұсынылды

Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексіне енгізілетін кезекті өзгерістер топтамасын таныстырды. Жобалық кеңсенің 21-отырысында қаралған, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
45 түзетудің ішіндегі ең маңызды бес жаңалыққа көз жүгіртейік:
- Крипто-табысқа салық салынбайды: Қазақстанда тіркелген цифрлық активтер платформалары арқылы табыс табатын жеке тұлғалар 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеке табыс салығынан босатылуы мүмкін.
- Инвесторлар үшін тиімді шешім: Инвестициялық басым келісімшарттар тетігі қалпына келтіріледі. Инвесторлар қажетті инфрақұрылымды өз қаражатына тартып, кейін бұл шығынды корпоративтік табыс салығы бойынша шегерім арқылы өтей алады.
- Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: Салық төлеу мен бақылау процестерін барынша жеңілдетіп, цифрлық форматқа көшіру көзделуде.
- ҚҚС пен акциздерді жетілдіру: Қосымша құн салығы мен акциздерге қатысты бірқатар нормалар заман талабына сай өзгертіледі.
- Әлеуметтік қолдау: Мүгедектігі бар азаматтар мен осы санатты қолдайтын бизнес өкілдеріне арналған салықтық жеңілдіктер аясы кеңейеді.
Жаңа Салық кодексі бизнесті қолдау мен цифрландыруға басымдық бермек. Түзетулер жобасы әлі де талқылануда.
Minut.kz



