Саясат
Құрылтай сайлауы: 7 партиядан 546 кандидат ұсынылды

Құрылтай депутаттарын сайлауға кандидаттар ұсыну кезеңі ресми түрде аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 7 саяси партия өз тізімдерін өткізіп үлгерген, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
- «Әділет» партиясы — 186 кандидат (ең көп)
- Respublica партиясы — 76 кандидат
- Қазақстан халық партиясы (ҚХП) — 72 кандидат
- «Ауыл» партиясы — 69 кандидат
- «Ақ жол» демократиялық партиясы — 63 кандидат
- «Байтақ» жасылдар партиясы — 47 кандидат
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) — 33 кандидат (ең аз)
Қазіргі уақытта үміткерлердің құжаттары Конституция мен сайлау заңнамасына сәйкестігі бойынша тексеріліп жатыр.
Партиялық тізімдерді ресми тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.
Minut.kz



