Қоғам

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа әуе рейстері ашылады

Бейжіңде өткен екі елдің авиациялық билік органдарының келіссөздерінде маңызды келісімге қол жеткізілді. Енді екі мемлекет арасындағы әуе қатынасы айтарлықтай жиілей түспек, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Рейстер саны көбейді. Тұрақты рейстер саны аптасына қазіргі 124-тен 152-ге дейін өсіп, қосымша 28 рейс ашылады.

Жаңа бағыт ашылды. Қазақстандық әуе компаниялары қатынайтын қалалар тізіміне Қытайдың ірі көлік-логистикалық әрі өнеркәсіптік орталығы – Чунцин қаласы қосылды. Тараптар Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе қатынасын ашуды және оған қытайлық әуе компанияларын тартуды талқылады. Екі ел арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін іске қосу мәселесі пысықталды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button