Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспеген

2025 жылы бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит қорытындысы бойынша, есепті кезеңде республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары толық орындалмаған. Негізгі себептердің бірі – салық бойынша болжам 1,3 трлн теңгеге артық жоспарланған.
Кедендік бақылау мәселесіне қатысты мемлекеттік аудиторлар тауарларды әкелу кезінде жеңілдіктердің заңсыз берілуіне назар аударды. Атап айтқанда, электр көліктеріне ғана арналған жеңілдіктерді гибридті автокөліктерді әкелу кезінде де қолдану фактілері анықталды. Соның салдарынан анықталған фактілер бойынша ғана бюджетке 70 млн теңге көлемінде қаражат толық түспеген.
Сонымен қатар аудиторлар сыртқы экономикалық қызметтің 34 қатысушысы тауарларды импорттау кезінде есепке жатқызу әдісімен төленетін қосылған құн салығын заңсыз төлегенін анықтады. Соның нәтижесінде импортқа салынатын ҚҚС бойынша бюджетке 670 млн теңгеден астам қаражат түспеген.
- Жалпы аудит қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды.
- Сондай-ақ 33 рәсімдік бұзушылық пен 11 жүйелі кемшілік анықталды.
- Палата анықталған мәселелер бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі.
Minut.kz



