Басты жаңалықҚоғам

Электр самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

25 тамыздан бастап елімізде электр самокаттар мен қозғалтқышы бар велосипедтердің тротуармен және жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне толықтай тыйым салынады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, заңға сәйкес электр самокаттар веложолақпен, ал ол болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен жүруге тиіс. Ал қозғалтқышы бар велосипедтер мопедтер санатына енгізіліп, оларды тіркеу және жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі.

Өзгерістер жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button