Қоғам
Ұлытауда марганецті заңсыз өндіргендер ұсталды

Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігің мәліметінше, қылмыстық топ карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деген желеумен ауыр техникалар әкеліп, іс жүзінде кен өндірумен айналысқан.
Нәтижесінде 23 мың тонна марганец кені заңсыз қазылып, оның жалпы құны бір миллиард теңгені құраған. Кенді тасымалдау үшін күдіктілер тіпті теміржол тұйығын жалға алып, шикізатты көрші елдерге жөнелтіп отырған.
Заңсыз әрекеттер қоршаған ортаға да зиян келтіріп, келтірілген экологиялық залал көлемі 150 миллион теңге деп бағаланды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Minut.kz



