Басты жаңалықСпорт

Шығыста халық ойындарының қорытындысы шықты

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған 2026 жылғы Халық спорты ойындарының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Өскемен қаласының, екінші орынды Глубокое ауданының, ал үшінші орынды Күршім ауданының командасы иеленді.

Фото ШҚО әкімі баспасөз орталығынан алынды

Спорт денсаулықты нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде, мінез-құлық, тәртіп пен командалық рухты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінде өңірде 1,6 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді, ал спортпен 315 мың тұрғын тұрақты түрде шұғылданады. Бұл облыс халқының 45 пайызын құрайды, – өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Фото ШҚО әкімі баспасөз орталығынан алынды

Спортшыларды марапаттау рәсімі өңірдегі шығармашылық ұжымдар қойған концертпен жалғасты.

Фото ШҚО әкімі баспасөз орталығынан алынды

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button