Басты жаңалықҚоғам

ШҚО-да тағы екі жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан және Сарытерек ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері пайдалануға берілді. Қос жоба шалғайдағы елдімекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында жүзеге асты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Біржан ауылындағы бекет елдегі «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдарының 238-ші нысаны. Құрылысына бюджеттен тыс шамамен 4 млн теңге жұмсалды. Бекет тұрғындар саны 2 000-нан асатын 3 ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Онда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Арнайы оқудан өткен еріктілер, өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары мен арнайы киім бар.

Фото ШҚО әкімінің баспасөз қызметі орталығынан алынды

Ал Сарытерек ауылындағы бекет демеушілердің көмегімен салынды. Нысанға 5,74 млн теңге жұмсалды. Онда бір ауысымда 2 құтқарушы мен өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі жұмыс істейді.

Бекеттердің ашылуына ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл бекеттер негізгі өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше, оқиға орынындағы алғашқы минуттарда көмек көрсетіп, тұрғындар мен мүлікті қорғауға мүмкіндік береді. Өңірде өрт қауіпсіздігі жүйесін әр ауылда дамыту жұмыстары одан әрі жалғасады.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button