Басты жаңалықҚоғам

Депутаттардың төсбелгісі жезден жасалады

Жаңа төсбелгі бұрынғысынан 7 есе арзан

Депутаттардың төсбелгісі алтыннан емес, жезден жасалады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, президенттің ұсынысымен төсбелгінің көлемі кішірейтіліп, бағалы металдан бас тарту туралы шешім қабылданған. Бірақ жалпы дизайны мен түстері сақталады.

Бұған дейін Парламент депутаттарының төсбелгісі 375 сынамалы алтыннан жасалып, оның құны 313 600 теңге болған. Ал жаңа жез төсбелгінің бағасы шамамен 42 000 теңге.

Жаңа төсбелгілер 23 тамыздағы сайлаудан кейін Құрылтай депутаттарына беріледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button