Қоғам
Сайлау науқаны кезінде 21 заң бұзу дерегі анықталды
Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны басталғалы бері сайлау туралы заң талаптарын бұзған 21 дерек анықталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, анықталған жағдайлардың басым бөлігі қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге құқығы жоқ адамдардың мұндай сауалнамаларды өткізуіне және нәтижесін таратуына байланысты.
Вице-министр сайлау және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері тіркелмегенін айтты. Салыстырсақ, 2023 жылғы Парламент сайлауы кезінде 151 заң бұзу фактісі анықталған. Биыл әзірге бұл көрсеткіш 21.



