Басты жаңалықҚоғам

104 жастағы кейуана таңдауын жасап, елге ақ батасын берді

Шығыс Қазақстан облысында 104 жастағы тыл ардагері Хадиша Тұржанова азаматтық парызын орындап, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Хадиша әжей ел болашағы үшін дауыс берді. Кейуананың жүре алмауына байланысты сайлау учаскесіндегі мамандар арнайы жылжымалы жәшікті үйіне апарды.

Хадиша Тұржанова өнегелі отбасын құрып, 9 баланы тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 27 немере, 45 шөбере және 8 шөпшектің сүйікті әрі ардақты әжесі. Соғыс жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен кейінгі бейбіт күндегі ғибратты өмірі – жас ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Бастысы – бірлік пен бейбітшілік сақталсын, – деді ғасыр куәгері.

Ғазиз ананың жасына қарамастан ел болашағына бей-жай қарамай, сайлауға қатысып таңдау жасауы кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ әрі жігер берерлік оқиға.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button