Басты жаңалықҚоғам

Автокөліктерді заңсыз тіркеген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Күдікті мемлекетке 3,7 млрд теңге залал келтірген – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ның маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеген.

Нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке 3,7 млрд теңге көлемінде міндетті төлемдер түспеген.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button