Басты жаңалықҚоғам
Электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынды
Жолдағы жаңа талаптар күшіне енді
Елімізде электросамокат айдау ережелері қатаңдады. Енді бұл көлік түрімен тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында жүруге толықтай тыйым салынады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Басты талаптар мен шектеулер:
- Қайда жүруге болады? Самокатшылар велосипед жолымен немесе арнайы бөлінген жолақпен ғана қатынауы тиіс. Ондай жолдар болмаған жағдайда, автомобиль жолының оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат.
- Кімдерге рұқсат етілген? Автокөлік жолына тек 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және басына қорғаныш дулығасын (шлем) киген азаматтар шыға алады.
- Қауіпсіздік ережелері: Қараңғы уақытта үстіде жарық шағылыстыратын белгілер болуы міндетті. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде самокаттан түсіп, оны жетелеп өту қажет.
- Тыйымдар: Электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға болмайды.
- Шеринг талабы: Жалға берілетін барлық электросамокаттар тіркеу нөмірімен және міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Айта кетейік, жыл басынан бері электросамокат жүргізушілерінің кінәсінен 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, осы көлік түрі қатысқан апаттардан 10 бала қаза тауып, 329 кәмелетке толмаған жасөспірім түлі деңгейдегі жарақат алды.
Жаңа ережелердің басты мақсаты – жаяу жүргіншілер мен самокатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ереже бұзғандар заң бойынша жауапқа тартылады.
Minut.kz



