Басты жаңалықЭкономика
Үкімет егін жинау науқанын қорытындылайды

Бүгінгі Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері егін жинау науқанын қорытындылайды – деп хабарлайды, Minut.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, шамамен 16 млн гектар егістіктен дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. 28 қазанда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2 пайызы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп (226,3 центнер/га) және 3,8 млн тонна көкөніс (297,3 центнер/га) алды. Оның ішінде 497,5 мың тонна қырыққабат (333,4 центнер/га), 1058,5 мың тонна пияз (429,9 центнер/га), сондай-ақ 387,7 мың тонна сәбіз (283 центнер/га) бар.



