Басты жаңалықҚоғам

Еліміздің 11 облысында күн-райы күрт бұзылады

«ҚазАвтоЖол» мекемесі бүгін яғни 4-қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлайтынын ескертті. Осыған байланысты жүргізушілерге жолда абай болу ескертіледі – деп хабарлайды, Minut.kz тілшісі.

Атап айтсақ, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

Сондықтан жүргізушілер жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы көктайғақты ескеру қажет – делінген, «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button