Басты жаңалықҚоғам

Бес әскери лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстан Қарулы күштерінің бес лауазымды тұлғасы Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты ұсталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Тергеу дерегінше, олар қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу талаптарын бұзды деген күдікке ілінген. Ұсталғандардың арасында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының штаб бастығы әрі бірінші орынбасары, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскер ротасы мен катер командирі бар.

Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөлімшесі «Хазар Қорғаны – 2026» жаттығуы кезінде болған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button