Қоғам

Қаза болған әскерилер отбасына қаражат жинау аяқталды

Қаражат жинау аяқталды. Енді қаза тапқан әскерилердің отбасына және зардап шеккендерге көмек ретінде аударылады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету жөніндегі барлық міндеттемені толық көлемде өз мойнына алады. Заңда көзделген кепілді төлемдер кідіріссіз жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Бозымбаев Халық кеңесінің мүшелеріне, Құрылтай депутаттарына, партияларға, кәсіпкерлерге және барлық жанашыр азаматтарға көрсеткен ынтымақтастығы үшін алғыс айтты. Азаматтық бастаманың арқасында арнайы қорға қажетті қаражат жинақталды. Осыған байланысты қаражат жинау жұмысы аяқталды деп жарияланды.

Қор қаражатын отбасыларға және зардап шеккендерге әділ бөлу мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау тапсырылды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button