Қоғам
Үш бала өртеніп кетті
Жетісу облысында 3 бала жанып кетті. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында тіркелген, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Тілсіз жау тұрғын үйлердің бірінен шыққан. Алдын ала тараған ақпаратқа сай, жалын тұтанған кезде бүлдіршіндердің анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден сыртқа шығып үлгерген.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар тұрғын үйдің ішінен үш баланың денесін тапқан. Қаза болған балалар 1 мен 6 және 8 жаста.
Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың және өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Minut.kz



