Басты жаңалықЭкономика

Соңғы 7 жылда ел экономикасы 30 пайызға жуық өскен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасының даму көрсеткіштерін атады. Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері ел экономикасы 30%-ға жуық өскен. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың доллардан асты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Президент «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллион баланың есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылғанын айтты. Былтыр елде 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Ал азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындаған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 350 миллиард долларға жақындап келеді. Бұл көрсеткіш бойынша ел Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында екінші орында тұр. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40%-ға жеткен. Президент бұл салада еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істейтінін атап өтті.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button