Басты жаңалықЭкономика

Дәнді дақылдар толық жиналып бітті

Республика бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бүгінгі күні республика бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталғанын, майлы дақылдар, жүгері және қант қызылшасын жинау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Ол егін жинау науқаны сәтті өтті және оның қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

Шаруалар уақтылы қаржы ресурстарымен, техникамен және жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Биыл жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрады, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Орташа өнімділік гектарына 17 центнер деңгейінде қалыптасып, 27,1 млн тонна астық қамбаға құйылды, — деді Айдарбек Сапаров.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button