Қоғам
Шығыс Қазақстан облысындағы жолға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдың біріне қыстың соңына дейін көлік қозғалысы шектелді. Енді Өскемен мен Самар ауылының ортасындағы Өміш асуы арқылы өтетін тасжолда кез-келген көлік жүре алмайды.
Яғни, тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша тиым салынды. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады.
Шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Жанель Жанболатқызы



