Экономика

Күршім ауданында биыл 14 үй салынады

Баспаналар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен салынады. Аудан бойынша бағдарлама аясында тұрғызылатын үйдің 13-і Күршім ауылында, қалған бір үй Алғабас ауылында орналасады.

Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Әкім ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін де баян етті.

Мейіржан Әлбеков Күршім ауданының әкімі

Бүгінде Күршімнің егістік алқабының 96,5 пайызы немесе 22,4 мың гектары жиналды. Жыл басынан бері мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы 58 кәсіпкерге 448,6 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 31 шаруа қожалығы лизингке 37 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биыл аудан бойынша 787 жұмыс орнын құру жоспарланып, іс жүзінде 746 жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 95%-ға орындалды, – деді М.Әлбеков.

Күршім ауылындағы айналма жолдың құрылысы жалғасуда. Жобаны 2026 жылы жүзеге асыру жоспарланған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button