Басты жаңалықҚоғам

28 шағын аудандағы жағдай қашан оңалады?

Жаңа ауданда жарық жиі өшіп, құбыр қайта-қайта жарылады

Өскеменде бой көтергеніне бірнеше жыл ғана болған 28-ықшам аудандағы инфрақұрылым мүлдем сапасыз болып шықты. Электр энергиясы жиі өшеді. Су құбырлары қайта-қайта жарылады. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындардың тіпті бала-шағасын жуындыру мұңға айналған.

Меруерт Жқмажанқызы Өскемен қаласының тұрғыны

Меруерт Жұмажанқызының 6 баласы бар. Көпбалалы ананың бұл үйге көшіп келгеніне біраз болған. Осы уақытта жиі үзілетін электр желісі әбден қажытыпты. Су мәселесі тіпті қиын. Құбырлар қайта-қайта жарылғандықтан тіршілік нәрінің қорын ыдыстарға толтырып құйып сақтауға мәжбүр.

— Жарық өткен аптада 2 рет өшті. Енді суды мүлдем айтқым келмейді. Айтып-айтып шаршап болдық. Балаларым жуына алмайды. Осы судың жоқтығынан таңертең сабаққа беті-қолдарын жуа алмай кетеді – дейді, Меруерт Жұмажанқызы.

Андрей Алехнович «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының бас инженері

Шағын аудан халқының шағымын қала билігі біліп отыр. Бірақ жауаптылар мәселені шешеміз дегенмен ғана шектелуде. Себебі салынған су құбырларын қайта-қайта жөндегенмен әзірге нәтиже шықпай тұр деп ашығын айтты, «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының бас инженері Андрей Алехнович: – Тозып тұрған желілерді жаңарту қажет. Біз келіп жөндейміз. Бірақ көп ұзамай тағы бір жерде апат болады. Міне соңғы бір жылдың ішінде 20 апатты жағдай болды.

Ауылға тартылған негізгі электр желісі істемейді. Қазір қосымша желі әрең шыдап тұр. Сондықтан тағы бір желі тарту үшін бұған дейін қазынадан тағы қаражат бөлген.

Нұржан Жапаров Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің басшысы

Электр желісіне 60 миллион теңге бөлініп, ол қаражат тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы берілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды. Осы қараша айында ол желіге ауыстырып қосамыз, – дейді Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жапаров.

Әкімдік өкілінің қарашада қосамыз дегені әлі қашанға дейін созылатыны белгісіз. Белгілісі Алтайға қыс келіп, аяз қысып барады. Сондықтан мұндағы электр пешті пайдаланып отырған елдің шыдамы таусылуға жақын. Айтпақшы, осы үйлерді салған мердігердің берген кепіл мерзімі де әлдеқашан өтіп кеткен. Бұл дегеніңіз ендігі қажетті қаражатты қала қазынасынан бөлуден басқа жол жоқ дегенді білдіреді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button