Президент Кеңесшісі М.Отарбаев Үлкен Нарын халқымен кездесті

Президент Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті – деп деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Кездесуде болашақ пен технология жайлы сөз қозғалып, мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

— Жасанды интеллект, цифрлық трансформация және жаңа технологияларды тиімді қолдану — экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын жақсартудың басты тетігі. Ауыл шаруашылығы, білім, медицина және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына жаңа инновацияларды енгізудің маңызы зор, — деді Мәлік Отарбаев.


Аудан әкімі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Үлкен Нарын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 7 пайызға артты.
39 жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, шаруаларға 223 млн теңге мөлшерінде субсидия берілді.
Туризм саласында да оң серпін байқалып, 2025 жылы ауданға келген туристер саны 15 мыңнан асты.
Жанель Жанболатқызы



