Басты жаңалықЭкономика

Ет экспортына қойылған шектеу мерзімі ұзартылды

Қазақстан аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге тыйым салу алты ай мерзімге ұзартылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты қабылдады.

— Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қосымша жүктеу мақсатында уақытша тыйым салынды, — деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспортқа шығаруға сандық шектеулер енгізілді. Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button