Басты жаңалықҚоғам

Өзен жағасын қазғызған «ӘКІМ» жұмыстан қуылды

Түркістан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге жол берген ауыл әкімі қызметінен кетті – деп деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Арнайы «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Ал аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button