Қоғам
Ипотеканы жабуға зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат етілуі мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер әзірледі. Түзетулердің негізгі мақсаты – қағидаларды жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру.
Соған сәйкес банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі ұсынылып отыр. Біріншісі – негізгі қарызды өтеу. Екінші – ай сайынғы төлемді азайту. Үшінші – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту.
Құжатты жария талқылау «Ашық НҚА» порталында 21 қарашаға дейін жалғасады.



