Басты жаңалықСаясат

Тоқаев Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Тоқаев Мәскеуге сапар алдында Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады, – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 млрд долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.

Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button