Экономика

Атырауда сұйытылған мұнай газы қайта өндіріле бастады

Атырау мұнай өңдеу зауыты сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады. Зауыт жоспарлы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, барлық технологиялық қондырғыларды штаттық режімге шығарды. Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды – деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

 6–7 қарашада Атырау МӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттың 100%-ына жетті. Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, маусымаралық және қысқы дизель отыны өндіріліп, жөнелтілді.

 «Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны құрайды. Елдегі сұйытылған газдың 11%-ын өндіретін зауыттың қайта іске қосылуы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қосымша өндірілген отын көлемдері жоспарға сәйкес өңірлерге жөнелтіліп, қазіргі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді», — деп хабарлады ведомство.

Басқа жаңалықтар

Back to top button