Басты жаңалықСаясат

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткішіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button