Мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға салынған тыйым тағы ұзартылды

Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» туралы заңды жариялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 20 қарашадан бастап 2026 жылғы 20 мамырға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады.
Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиакеросин және дизель отын, газойль, толуол және мұнай битумын әкетуге жарты жылға шектеу қойылады.
Министрлік мұндай шара ел ішіндегі жанармай тапшылығын болдырмау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.
Жанель Жанболатқызы



