Қоғам

Өртке қатысты 88 адам жауапқа тартылды

Биыл Шығыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 203,78 гектар орман алқабында 27 өрт болды – деп хабарлайды ШҚО ТЖД мамандары.

Департамент  таратқан ақпаратта өрт сөндірушілер 39 мәрте дала өртін сөндіруге шыққан. Тілсіз жаудың салдарынан 500 гектарға жуық аумақ жанып кеткен.

Орман алқабында болған 27 өрттің 24-і найзағай түскеннен болған. Ал бір өрт адамдардың сақтық шарасын сақтамауынан тұтанған.

Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау күштері мен жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардан құралған 290 адам жұмыс істеген. Осы адамдардан құралған 52 мобильді топ 1828 рейд өткізіп, 88 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сондай-ақ 400 рет дөңгелек үстел ұйымдастырып, 532 рет жиналыс өткізген. Шамамен 4700 нұсқама берілген.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта – орман өрттеріне ден қою және алдын алу іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында «Өрт – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Облыс аумағында барлығы 12 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізіліп, оған 836 адам, 307 техника және 1 өрт пойызы тартылды – делінген.

ТЖД өрт сөндіру қызметі мен орман шаруашылығы мекемелерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында көптеген өрт бастапқы сатысында сөндірілген.

Табиғи өрттердің таралуына жол бермеу мақсатында облыс аумағында жалпы ұзындығы 2068 км минералданған жолақтар жасалып, өрт қаупі жоғары кезеңде бұл жұмыс 100% орындалды.

Төтенше жағдайларға уақтылы әрекет ету және табиғи өрттер мен өрт қауіпі бар елді мекендердегі төтенше жағдайларды тиімді жою мақсатында әкімдіктер тарапынан 57 өрт бекеті және 9 ерікті құрылым құрылды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button