Қоғам
Түркия C-130 ұшақтарының ұшуын уақытша тоқтатты

Түркия барлық C-130 әскери-көлік ұшақтарын уақытша пайдаланудан шығарды. Енді әуе кемелері жан-жақты техникалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Тиісті шешім 2 күн бұрын Грузияда болған әуе апатынан кейін қабылданып отыр.
Елдің қарулы күштері америкалық өндірістен шыққан C-130 Hercules әскери-көлік ұшақтарын жеке құрамды тасымалдау және логистикалық операцияларды орындау кезінде жиі қолданады.
Еске салайық, 12 қарашада Әзербайжаннан ұшып шыққан әскери ұшақ Грузияның Сигнах аймағында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта экипаж мүшелерімен бірге барлығы 20 адам болған. Қайғылы оқиғаның себептері әлі анықталып жатыр.
Minut.kz



