Экономика
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.
Жанель Жанболатқызы



