Қоғам

Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу толығымен онлайнға көшті

24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді. Бұл қызмет eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы және жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі болуы қажет.

Меншік иелері немесе үлескерлері кәмелетке толмаған балалар болса қызмет халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетіледі. Сонымен қатар, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдарды тіркеу офлайн жүргізіледі.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button