Басты жаңалықЭкономика

Шығыс Қазақстан облысының бюджеті қайта қаралды

Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы бюджетіне өзгерістер енгізілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Республикалық трансферттердің азаюы және кіріс бөлігінің артуына байланысты облыс бюджеті қайта қаралды.

Республикалық трансферттер бойынша 1,7 млрд теңгеге қысқартылды. Кейбір мектеп құрылыстары мен Риддердегі аурухана, сайлау және инфрақұрылым жобалары бойынша шығындар азайтылды.

Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды
Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Десе де, облыс қазынасы жергілікті салықтар мен айыппұлдар есебінен 2,9 млрд теңгеге толыққан.

Бұл түсімдер қаржысы мұғалімдердің жалақысы, тамақтану, коммуналдық қызметтер және жеке балабақшаларға жұмсалады. Спорт саласына да көңіл бөлініп, жаттықтырушыларға үстемақы мен коммуналдық төлемдеріне бағытталмақ. Сондай-ақ, Риддер жылу электр орталығын жөндеуге беріліп, жылу желілері мен көмір субсидияланады. Ауылдардағы спорт нысандарының құрылысын аяқтауға қажетті қаражат та осы түскен түсімдердің есебінен жұмсалмақ.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Өскемендегі 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысына 20,4 млрд теңге бөлінді.

Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Өзгертулер өңірдегі маңызды жобаларды аяқтап, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button