Басты жаңалықЭкономика

ШҚО экономикасына құйылған инвестиция 117 пайызға өсті

Биыл Шығыс Қазақстан облысы экономикасының даму динамикасы оң көрсеткішті көрсетті – еді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникасыиялар қызметіндегі брифингте.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын нақтыласақ, өнеркәсіп өндірісі 129 пайызға өскен. Экономикаға құйылған инвестиция 117 пайызға, құрылыс саласы 116, ауыл шаруашылығы — 115 пайызға артқан.

Сонымен бірге, жеке кірістер 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жетті. 23 мың жұмыс орны құрылса, оның 17 мыңы тұрақты жұмыс орындары.

Өңірдегі жұмыссыздық көрсеткіші орташа республикалық деңгеймен бірдей 4,6 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 9,5%-ке өсіп, 403 мың теңгеге тең келді.

Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102%-ке артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Бұл шығысқазақстандықтардың күнделікті, адал еңбегінің жемісі, — дейді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button