Қоғам
ШҚО-да қалың қарға байланысты бірқатар жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында күн-райының қолайсыздығына байланыста бірқатар республикалық және облыстық маңыздағы автожолдар жабылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха тас жолының Глубокое ауылы мен Шемонаиха елдімекені арасындағы 1104 шақырымнан 1191 шақырымға дейінгі бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Өскеменнен Риддер арқылы Ресей шекарасына дейінгі жол да жабық.
Облыстық маңыздағы Шемонаиха-Секисовка жолы да бүгін түстен бастап жабылды.
«ҚазАвтоЖол» мекемесі жабылған жолдар бүгін кешкі сағат 21:30-да ашылуы мүмкін екенін хабарлайды.
Жанель Жанболатқызы



