«Қазатомөнеркәсіп» ядролық энергетиканың әлемдік нарығындағы позициясын нығайтып келеді

Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытты ресейлік жобаланған ядролық реакторлар нарығының 80 пайызын қамтамасыз етті. Қазір таблетканың бұл түрін қайта іске қосу үшін арнайы есеп жүргізу қажет. Ресейлік лицензия иесінен қажетті техникалық деректерді алу да керек.
Дегенмен зауыттың бүгінгі таңдағы өндірістік қуаты жақсы. Қазір зауыт франциялық AFA 3G технологиясы бойынша өндіретін отын таблеткаларын толықтай көрші Қытай елі сатып алып отыр.



Жалпы зауытта алдымен табиғи уран концентраты тазаланып, уран тотығы ұнтақ түрінде алынады. Ары қарай байытылған уран диоксиді тотығынан таблеткалар жасалады. Мұндағы қызметкерлер соңғы 70 жылда уранмен жұмыс істеудің қыр-сырын әбден меңгеріп, мол тәжірибе жинады. Соның арқасында дайын отын таблеткаларының 200 тоннасын жыл сайын Қытай мемлекеттіне жөнелтуде. Ал ондағы мамандар біздің келде кейін салынатын АЭС-терді қажетті отынмен қамтамасыз ету қиындық тудырмайды деп сендіреді.

Уранның көлемі, мөлшері, сосын адамдардың құзыреттілігі, мамандардың жағынан айтатын болсақ, онда мүмкіндік толығымен бар. Егер тура осы дизайндағы реакторлар салынатын болса, онда мына жерде цехтік көлемін ұлғайтып, өнімділігін арттыру керек болады – дейді Үлбі металлургиялық зауытты ғылыми орталығының басшысы Манарбек Қылышқанов.
Отын таблеткалары реактордың дизайынына сай жасалады. Егер салынатын АЭС-ке керекті таблетка зауыт үлгісінен өзгеше болса, ол мәселені де қосымша жабдықтарды орнату арқылы шешуге болады. Ал түрлі үлгідегі таблеткаларды алу әдісінде еш өзгешелік жоқ.


Жалпы зауытта отын таблеткасын дайындауға шамамен 3 күн уақыт кетеді. Дайын бір таблетканың салмағы 7 грамм. Бұл шамамен 700 киллограмм көмірдің қуатын береді.
Қазір еліміз әлемдік ядролық энергетика нарығындағы орнын нығайтып келеді. Жоғары технологиялы өнім өндіретін толық өндірістік тізбекті қалыптастыруда.

Осы инновациялық өндірістің іске қосылуы, елімізді АЭС үшін ядролық отын шығаратын санаулы елдердің қатарына қосты. Бұл еліміздің атом саласын дамытуға сондай-ақ, басқа мемлекеттермен жаңа серіктестік орнатуға үлкен мүмкіндік – дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Айта кетейік, соңғы 16 жыл ішінде әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Ал еліміз бұл бағалы метелдың табиғи қоры жағынан Автралиядан кейін екінші орында тұр. Өскеменнің Үлбі металлургия зауыты Орталық Азиядағы ядролық отын өндірісін жолға қойған ірі кәсіпорындардың бірі саналады.
Minut.kz



