Қоғам
Абай облысындағы ауыл әкімі 3 жарым жылға сотталды

Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтаған.
Сот үкімімен бұрынғы әкімге ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Minut.kz



