Басты жаңалықСаясат
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғыз Президенті Садыр Жапаров күтіп алды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барған. Бүгін Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.
Жанель Жанболатқызы



