Қоғам

Гонконгтағы алапат өрттен қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

Алапат өрт салдарынан Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде қаза тапқандар саны 94-ке жетті, – деп хабарлады, Синьхуа агенттігі.

Агенттік мәліметінше, мәйіттердің көбі өрт қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған. Зардап шеккендердің саны да көбейіп, 155 адамға жетті.

Қызыл жалынның салдарынан жапа шеккендер арасында 10-нан аса өрт сөндіруші бар.

Еске салайық, 26-қараша күні Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағында Тайпоу ауданындағы тұрғын үй кешенінен өрт шыққан болатын. Қызыл жалын жақын орналасқан басқа ғимараттарға да тарап, күш бермей кетті.

Оқыс оқиғаға байланысты 3 құрылысшы қамауға алынды. Өрттің шығуына бамбуктан жасалған құрылысқа тасталған темекі шоғы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Жанель Жанболатқызы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button