Экономика

«Самұрық-Қазына» миллиардтаған теңгені тиімсіз жұмсаған

Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» және оның еншілес ұйымдарына жүргізген тексеріс нәтижесін жариялады.

Палата өкілдерінің ақпаратынша, аудит 18 компанияны қамтыды. Тексеру қорытындысы бойынша 351,8 миллион теңге көлемінде нақты қаржылық бұзушылық анықталды. Сонымен бірге 122,2 миллиард теңгеден астам қаражатты жоспарлау және пайдалану тиімсіз болғаны белгілі болды. Холдинг құрылымында үш жүзден астам компания бар, олардың қырық біріне жуығы өткен жылы шығынмен жұмыс істеген. Аудит басқару, есеп беру және бақылау процестерінде 119 жүйелі кемшілік бар екенін көрсетті.

Бірқатар материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button